Ақмола облысында өзен жағасынан әйелдің бөлшектенген денесі табылды

21 маусымда Ақмола облысы Жабай өзеніндегі бөгеттен адам денесінің бөлшектері табылды.

Алматы, NEGE. Қазір полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған. 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бір тәуліктен кейін күдікті қолға түсті. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.