Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптылар аман табылды

Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптылар аман-есен табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, жоғалған адамдар бүгін қазанның 21-де күндізгі уақыт 14:00 шамасында Бәйтерек ауылынан 35 шақырым жердегі орман алқабынан табылған.

«Алтынай Балтақожақызы түнде орманда өте суық болғанын айтты. Жұбайы екеуі жол іздеп шаршаған. Жолдасы Қайыржан Баржақсымұлы таяқтың көмегімен қозғалады. Ерлі-зайыптылар өздерін іздеуге қатысқандардың барлығына алғысын жеткізді. Үйлесімді іс-әрекет пен күш-жігердің арқасында ерлі-зайыпты Баялиндердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ», - деді ведомстводан.

Еске сала кетсек, Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптыларға іздеу жарияланған болатын.

 

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды