Ақмола облысында құс тұмауы шықты

Ақмола облысында да құс тұмауы тіркелді.

Алматы, NEGE. Облыстық ветеринария басқармасы елорда іргесіндегі Целиноград ауданының Жалғызқұдық ауылында 300-ге жуық құс өлгенін мәлімдеді. Олардың бәрі бір адамға тиесілі болған. Сараптама нәтижесінде 288 тауық, үйрек және қаздың құс тұмауына шалдыққаны анықталған. Қазір ауданның мал дәрігерлері, ауру ошағын залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған ауданда екі бірдей құс фабрикасы бар. Алайда, олар жабық ғимаратта орналасқан, ондағы құстарға қауіп төніп тұрған жоқ, – дейді ветеринарлар. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады