Ақмола облысында құрғақ шөп өртенді

2023 жылғы 21 шілдеде сағат 16.32-де Степногорск қ. Азат ауылы ауданында 400 га алаңда құрғақ шөп жанды.

Алматы, NEGE. Тартылған күштер мен құралдардың жедел іс-қимылдарының, уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өрт сағ.21.30-да сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Өртті сөндіруге Ақмола облысының орман шаруашылығының, ЖАО және ТЖД күштері мен құралдарынан 39 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды.