31 июля 2023 г. 9:23

Ақмола облысында ер адам өзінің үш баласын зорлады деген күдікке ілінді

Фото:

Ақмола облысындағы Астрахань ауданында әкесі үш кішкентай қызын зорлады деген күдікке ілінді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады.

"#НеМолчиKZ желісіне бір отбасыдағы үш балаға қатысты сексуалды зорлық туралы хабарлама келді. Ата-аналары ішкілікке салынған, балаларды әкесі зорлаған. Бұл ақпаратты еріктілерге әжесі хабарлады. Тексеріп, шара қабылдауды сұраймыз", – деді ол фейсбук парақшасында.

Балалар құқығын қорғау комитеті оқиға орнына білім басқармасының басшысы мен ішкі істер органдарының қызметкерлері жіберілгенін хабарлады.

Ақмола облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 122-бабы 2-бөлігі "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бойынша тергеу басталған. 

"2012, 2014 және 2016 жылдары туған үш балаға қатысты медициналық куәландыру жүргізіліп, жыныс мүшелері маңында зақым, көгерген іздер, тыртық пен өзге де жарақаттар анықталмады. Сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деді полиция.

Тегтер: