18 сентября 2022 г. 14:40
Ақмола облысында екі жол апаты орын алды
Оқиға жабайы аңның республикалық тас жолға шығуына байланысты туындаған. Апат салдарынан 38 жастағы жүргізуші зардап шекті, деп жазды polisia.kz .
Алматы, NEGE. Полицейлер анықтағандай, жабайы бұлан республикалық Астана – Петропавл тас жолына шығып кеткен. Нәтижесінде бірден екі автокөлікке механикалық зақым келген. Олардың бірінің жүргізушісі түрлі жарақатпен емдеу мекемесіне жатқызылды.