Ақмола облысында белгісіз біреулер жедел жәрдем көлігіне оқ атқан

Ақмола облысының Щучье қаласында науқасты ауруханаға жеткізуге бара жатқан жедел жәрдем көлігіне оқ атылды. Осы сәтте көлік ішінде екіқабат келіншек болған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алматы, NEGE. Телеарна мәліметінше, оқты кім атқаны белгісіз. Медицина қызметкерлері тек қарудың дыбысын естіген. Әйнекті тесіп өткен оқ ешкімге тимеген.

"Шоссейная көшесімен келе жатқанбыз. Сосын оқ атылды. Ешқайда соғылмадық", - дейді фельдшерлер. 

Тек аздап шошынып қалған 26 жастағы аяғы ауыр келіншек аман-есен ауруханаға жеткізілді. Ал тәртіп сақшылары жедел жәрдемге оқ атқан адамды іздеуге кірісті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды