Ақмола облысында 4 мектеп жабылды

Биылғы жылдың жазғы кезеңінде оқушылардың жоқтығынан немесе санының аздығынан 4 бастауыш мектеп жабылды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Ббасқармасы басшысы орынбасарының айтуынша, жабылған мектептердің қатарында Бұланды ауданының Ұлтуған және Елтай ауылдарындағы бастауыш мектептер, Бурабай ауданының Шиелі ауылындағы бастауыш мектеп, Шортанды ауданының Новопервомайка ауылындағы бастауыш мектеп бар.

«Ұйымдарды жою тәртібі бойынша барлық іс-шаралар белгіленген тәртіппен өткізілді, оқушылар тасымалдауды ұйымдастырумен жақын маңдағы мектептерге бөлінді. Шектеу шаралары жағдайында оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда», - деді Валерий Гамазов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды

Брокер орташа табысы бар отбасыларға тиімді үш ипотекалық бағдарламаны атады