Ақмола облысында 200-дей адам жолда қалды

Ақмола облысында қарлы боран болып, 200-ден астам адам жолда қалды. Олар пойызбен эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. "Ауа райының қолайсыздығына байланысты "Көкшетау-Астана" бағытындағы жол жабылды. Көкшетаудан елордаға қатынайтын №6830 пойызбен Ақкөл стансасынан 200-ден астам адам эвакуацияланды", – делінген хабарламада.

Компания өкілдерінің мәліметінше, жолаушыларға қажетті көмек көрсетілген.

"Жаңа жыл қарсаңында ауа райының қолайсыздығына қарамастан, теміржолдағы пойыз бригадасының барлық қызметкерлері жолаушылар пойыздарының қозғалысын қамтамасыз етіп, жолаушыларды тасымалдау кезінде қолайлы жағдай жасауда", – деп баса айтты компания өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді