Ақмола облысы «сары» аймаққа өтті
9 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.