Ақмола облысының тұрғыны бомба туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сотталды

Ақмола облысының тұрғыны бомба туралы жалған хабарлама жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Ақмола полицейлері Ерейментау қаласының 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол 4 қаңтар күні мас күйінде 102 нөміріне қоңырау шалып, бомба қойылғандығы туралы хабарлаған болатын.

Бомба қойылғаны туралы хабарламадан кейін төтенше жағдайлар қызметі келіп, адамдарды эвакуациялап, аумақты қоршап алды.

Көрсетілген мекен жайды тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Құқық бұзушының айтуы бойынша, ол тек жедел қызметтердің әрекеттерін тексергісі келген.

Қазіргі уақытта Ерейментау аудандық сотының үкімімен кінәлі сотталды.

Қазір оқып жатыр

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр

Жамбыл облысында екі оқушының мәйіті табылды