11 мая 2025 г. 18:15

Ақмола облысында жоғалған 6 жасар бала өлі күйінде табылды

Фото: Ақмола облыстық полиция департаменті

Ақмола облысында бірнеше күн бойы іздеуде болған алты жасар Қалмырза Жандәулеттің мәйіті табылды. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінен хабарлады.

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баланың жоғалғаны жөнінде Қорғалжын аудандық полициясына 30 сәуір күні хабар түскен.

Анасының айтуынша, бала сол күні кешкі шамамен сағат 19:00-де үйден шығып кеткеннен кейін оралмаған.

Алдын ала деректерге сенсек, жоғалып кеткен күні бала Нұра өзенінің маңында жүрген.

Еске салайық, бұған дейін Жандәулеттің жоғалып кеткені туралы хабар Қорғалжың аудандық полиция бөліміне 30 сәуірде түскен. Анасының айтуынша, бала кешкі сағат 19:00 шамасында үйден шығып кеткен. Алдын ала дерек бойынша, сол күні оны Нұра өзені маңында көргендер бар. Іздеу жұмыстарына полиция, төтенше жағдайлар қызметі, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.