Ақмола облысында жер үй өртеніп, екі бала қаза тапты

Ақмола облысында жеке үйде өрт шығып, салдарынан екі бала қаза тапты.

Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE.Оқиға Бұланды ауданындағы Шұбарғаш ауылында болды.

2017 және 2021 жылы туған екі бала уланып қайтыс болды.

«ТЖД телефондарына қоңыраулар түскен жоқ. Өртті оқиға куәгерлері сөндірді», - делінген хабарламада.

Өрттің шығу себептерін облыстық өрт сөндіру бөлімінің ғылыми-зерттеу сынақ зертханасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады.