Ақмола облысында үйінен шыға алмаған бойжеткен терезеден секірген

Степногорск қаласында пәтерде қамалып қалған бойжеткен үйден терезе арқылы шықпақшы болып, аяғын жарақаттады, деп хабарлады Ақмола облыстық ТЖД.

t.me/dchsakmol

Алматы, NEGE. Степногорск қаласында қыз көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде қамалып, терезеден шықпақшы болған. Ол үйдің кіреберісінің шатырына секіріп, аяғын жарақаттап алған.

Оған құтқарушылар мен дәрігерлер көмекке келді. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, құтқарушылар оны төменге түсірген. ️Бұл әрекеттің себебін қалалық полиция басқармасы анықтап жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді