Ақмола облысында танысын сан соқтырған күдікті ұсталды

Ақмола облысында танысын сан соқтырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Ақмола облысында ірі алаяқтық туралы сотқа дейінгі тергеу басталды.

23 сәуірде қала тұрғыны өзін кәсіпкер ретінде таныстырған бұрын таныс адамнан алданып қалғаны туралы полицияға арызбен жүгінді. Жәбірленушімен танысқаннан кейін күдікті сенімге кіріп, онымен достық қарым-қатынас орнатқан.

Көп ұзамай тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектесу үшін және бірлескен бизнесті бастауға ақша сұрай бастады. Бірнеше ай бойы жәбірленуші мен оның ұлының сеніміне ие болған ер адам оларды көптеген несиелер, автокредиттер алуға және оған банктік карталарын беруге көндірген. Ол бірнеше миллион теңге көлемінде алынған қаражатты өз қалауы бойынша жұмсаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады

Астанада LRT-нің Қосшы бағытындағы екінші кезеңінің құрылысы басталды