Ақмола облысында сотталғандар денесіндегі татуировкаларды өшіріп жатыр

Ақмола облысының Аршалы кентіндегі түзету мекемесінде сотталғандар арасында «Таза тері – таза ой» атты акция өтті. 

gov.kz

Астана, NEGE. Іс-шараны аудан прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіру және сотталғандарды қоғамға бейімдеу мақсатында ұйымдастырған.

Акцияның мақсаты – сотталғандарды қылмыстық субмәдениеттің зиянды ықпалынан бас тартуға шақыру.

«Бұл тек татуировканы жою рәсімі емес, қылмыстық әлемнің жалған “романтикасын” жоққа шығарып, жаңа өмір бастауға мүмкіндік беру. Түрме қабырғасында да тәубеге келіп, дұрыс жолға түсуге болады», – делінген прокуратура хабарламасында.

Шараға 36 адам қатысып, денесіндегі татуировкаларды ерікті түрде өшірді.

Прокуратураның мәліметінше, акцияны жалғастыру туралы сотталғандар өздері өтініш білдірген.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды