Ақмола облысында өрттен 4 адам оқшауланды

Щучинск қаласындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде 12 шаршы метр алаңда өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

baq.kz

Алматы, NEGE. Министрлік мәліметінше, құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен 4 тұрғынды құтқарды. Кейін олар жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

«ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 22 минутта сөндірілді.

Құтқару операциясына қатысқандар: Әсет Жолдасбаев - бөлімше командирі, Аманжол Шырылдақов - аға өрт сөндіруші құтқарушы, Данияр Оразалин - Щучинск қ. 6-МӨСБ өрт сөндіруші құтқарушысы», - делінген министрлік хабарламасында.