Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Ақмола облысының Макинск қаласында 11-сынып оқушысына пышақпен шабуыл жасалды.

pixabay.com

Астана, NEGE. Nayza Kokshe мәліметіне сәйкес, оқиға 24 сәуір күні кешке стадионда болған. Жасөспірімдер мұғалімдермен бірге волейбол ойнап жүрген кезде белгісіз жігіт капюшон киіп, бетперде тағып келген.

Куәгерлердің айтуынша, ол алдымен оқушының бетіне бұрыш газын шашып, кейін мойны мен іш тұсына пышақ жарақатын салған. Алғашында айналадағылар жағдайды түсінбей қалған. Кейін ғана көмекке ұмтылып, жедел жәрдем шақырған. Ал күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

18 жастағы мектеп оқушысы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, пышақ кеңірдегін жеңіл зақымдаған, сондай-ақ іш тұсынан жарақат алған. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп жоқ.

Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы екені анықталды. Ол өткен жылы Астанаға колледжге оқуға түскен. Екі күн бұрын әкесі оны Макинскке алып келген.

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сүйенсек, күдіктінің бұрынғы сыныптастарына реніші болған.

Полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қылмыс жасады деген күдікпен жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында», – деп хабарлады полиция департаменті.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

Қазір оқып жатыр

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі