Ақмола облысында қытайлық көліктерді тиеген автовоз аударылды

Ақмола облысында сегіз жаңа көлік тиеген автовоз жол шетіне аударылды.

видеодан скрин

Астана, NEGE. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 12:00 шамасында болған. 

 "Қостанай-Әулиекөл-Сурған" автожолының 239-шақырымында ірі көлемді автокөлік құралының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, "Ситрак" маркалы автовоздың жүргізушісі Қостанай қаласы бағытында жүріп келе жатқан. Басып озу маневрін жасау кезінде ол рульді басқара алмай, содан кейін көп тонналық жүк көлігі жолдан шығып, кюветке құлады, - делінген полиция хабарламасында.

Автокөлікте 8 жаңа қытайлық жеңіл автомобильдер болған.

Жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті