Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау дерегі бойынша іс қозғалды

Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау дерегі бойынша полиция іс қозғады, деп хабарлады Kazinform.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау туралы түскен арыз бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 121-бабының 3-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаймыз. Тергеу шеңберінде қажетті сот-медициналық сараптамалары және басқа да тергеу шаралары тағайындалды, - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомстводан атап өткендей, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.