2 марта 2026 г. 15:53

Ақмола облысында ер адам өз отбасын қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді

Фото: pixabay.com

Желіде Ақмола облысының тұрғыны анасын, әкесін және қарындасын аса қатыгездікпен өлтіргені туралы ақпарат тарады.

Астана, NEGE. Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жібек Жолы ауылында болған кісі өлтіру фактісіне байланысты мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар мен шындыққа жанаспайтын ақпараттар таралуда. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы департамент басшылығының тікелей бақылауында», – делінген полиция хабарламасында.

Алайда қанша адам қаза болғаны әзірге белгісіз.

Полицейлер тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды. Сондай-ақ, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.