26 октября 2024 г. 10:55

Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалған қыз табылмай жатыр

Фото: Sinegor.kz

Ақмола облысы Қосшы қаласының полиция бөліміне 21 қазанда жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған қызы Сарсенова Дильназ Ерланқызы 19 қазанда таңертең үйден шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмағаны туралы өтінішпен жүгінген. Бұл туралы Sinegor.kz порталы хабарлады.

Алматы, NEGE. Полицияның дерегіне сенсек, қыздың бұған дейін де үйден бірнеше рет кетіп, кейін оралғаны анықталды. Сонымен қатар жасөспірім мүмкіндігі шектеулі жан.

Жоғалған қызды алдымен әкесі өз бетінше іздеп көрген, алайда нәтижесіз болған соң ата-анасы құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған.

Қыз үйден шығып кеткен кезде сұр пальто, қара түсті аяқ киім киген. Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, арық, қоңыр түсті шашы иыққа дейін жетеді.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған Дильназды іздестіруге көмектесуді сұрайды. Қыз туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан арнайы 102 нөміріне хабарласуларын өтінеді. Қыздың жасы мен мүгедектігін ескере отырып, іс құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында.