Ақмола облысында бопсалауға қатысы бар күдіктілер ұсталды

Ақмола облысы Степногорск қаласында полиция қызметкерлері екі бопсалаушының қылмыстық әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері топ мүшелері үнемі жергілікті тұрғындарға, оның ішінде жастарға дене жарақатын салып, қорқытып, ақша талап еткенін анықтады.

Жәбірленушілердің бірі – 24 жастағы қала тұрғыны. Күдіктілер одан 80 мың теңге бопсалаған. Бүгінгі таңда үш жәбірленуші анықталды. Полицейлердің айтуынша, бопсалаушылар жастарды ақшалай несие, шағын несие алуға мәжбүрлеген, сонымен қатар телефондарын алып қойған.

Бопсалау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеу шеңберінде күдікті адамдардың басқа деректерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды