Ақмола облысында ауыл әкімі мас күйде төбелескені үшін жұмыстан қуылды

Целиноград ауданы прокуратурасының қызметкерлері Қабанбай батыр округінің әкімі мас күйінде өзгемен жанжалдасып, оның арты төбелеске ұласқанын анықтады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қоғамдық орында масаң күйде бірнеше адам арасында жанжал туындап, нәтижесінде бір-біріне дене жарақатын салғаны анықталды.

Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

«Аудан прокуратурасының актісі негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімімен тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Қабанбай батыр ауылдық округ әкімі қызметінен босатылды», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды