Ақмола облысында алаяққа сенген зейнеткер банкке 7 млн теңге қарыз болып қалды

Ақмола облысының полицейлері азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Мәселен, 19 маусымда Ақмола облысының тұрғынының атына белгісіз адам, “ұялы байланыс компаниясының қызметкері” 7 млн теңгеден астам сомаға несие ресімдеді. Зардап шеккен 72 жастағы жергілікті тұрғынның өтініші Қосшы қаласының полиция бөлімінде тіркелді.

Зейнеткердің айтуынша, ер адам оған SIM картасының қызмет мерзімін ұзартуды ұсынған және SMS-ке келген код жазуды сұраған. Әрі қарай, жәбірленушіге жетекші банктің жалған қызметкерлерінен оның атынан несие алуға өтінім туралы жалған ақпарат келіп түсе бастады, оның күшін жою үшін ер адам жеке ЖСН мен жұбайының ЖСН-ін хабарлауы қажет екенін айтқан. Алаяқтардың бірқатар нұсқауларын орындағаннан кейін, ер адам қылмыскерлер оған және оның жұбайына несие алғанын білді.

Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полиция департаменті алаяқтардың айлаларынан сақ болуға шақырады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді