Ақмола облысында 99 турист құтқарылды

Бурабай ауданында астанадан шыққан екі автобус жолдың батпақты бөлігіне батып қалды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Видеодан скрин

Алматы, NEGE. Көліктерде барлығы 99 жолаушы болған. Оқиға туралы хабар түскен соң құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетті. Арнайы техника көмегімен автобустар жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Заилий Алатауының тауларында Бельгиядан келген турист құтқарылған еді. Ол шыңға көтерілген кезде аяғын сындырып, қозғала алмай қалған болатын.

Қазір оқып жатыр

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді