Ақмола облысында 15 жаңа автокөлік тиелген екі жүк көлігі соқтығысты
Жол-көлік оқиғасы 13 қарашада Астана-Атбасар – Жақсы автожолының 131- шақырымында болды.
Астана, NEGE. Оқиға жөнінде Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, FAW автокөлік тасымалдаушыларының шетелдік жүргізушілері Хоргостан Ресей Федерациясына он бес жаңа көліктің үлкен партиясын алып бара жатқан.
Қозғалыс кезінде тасжолда пайда болған мұздан бірінші көліктің жүргізушісі рөлге басқара алмай қалған.
«Соқтығысу салдарынан бірнеше тонналық жүк көліктері жолдан шығып, кюветке құлаған. Зардап шеккендер жоқ», – делінген полиция хабарламасында.
Автокөлік тасымалдаушының жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.