Ақмола облысында 14 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

Ақмола облысының Ынтымақ ауылында 14 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді. 

видеодан скрин

Астана, NEGE. Күдікті ер адам қашып кетуге тырысқан, алайда жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қолға түсті.

Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеудің барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп мәлімдеді ПД.

Айта кетейік, ауыл тұрғыны пышақ жарақаттарынан көз жұмған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды