Ақмола облысында 13 жастағы жасөспірім жұмбақ жағдайда қаза тапты

Қайғылы оқиға Ақмола облысы Зеренді ауданы Қызылсая ауылында 2 шілдеде болған. 13 жастағы баланың туыстары оның жансыз денесін жазғы ас үйден тапқан. 

Полиция

Алматы, NEGE. Полиция мән-жайды анықтап жатыр.

Ақмола облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған адамның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды», - деді полиция.

Әлеуметтік желілерде бұл жайт қызу талқыланып жатыр. Бір нұсқа бойынша жасөспірімнің өліміне улы түтіндерден улану себеп болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді