Әкімнің Жұлдыз Әбдікәрімоваға жіберген гүлі қоғамда қызу талқыға түсті

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды актриса Жұлдыз Әбдікәрімоваға арнайы гүл шоғын жолдап, мерекемен құттықтады.

instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Алматы, NEGE. Өнер иесі қызыл қызғалдақтар мен тәттілер салынған сыйлық жиынтығын, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің атынан жолданған құттықтау хатын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Бұл жайт көп ұзамай әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, қоғамда қызу талқыға түсті.

Оқырмандардың бір бөлігі мұны мереке қарсаңында мәдениет саласының өкілдеріне көрсетілген ілтипат пен құрметтің белгісі ретінде қабылдады. 

threads.com
threads.com

Дегенмен тағы бір топ қолданушы әкім атынан ұсынылған гүл шоқтары халықтың салығы есебінен алынды ма, әлде Дархан Сатыбалды өз қаражатынан бөлді ме деген сұрақты да ашық қойып отыр.

Қоғамда түрлі пікір туғызған бұл жағдайға байланысты әзірге Алматы қаласының әкімдігі де, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова да ресми пікір білдірген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Қазақстанда діни сұрақтарға Imam AI жауап бермек

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды