Ақмаржан Қалмұрзаева Бейжің Олимпиадасының финалына шықты

Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында бүгін Фристайл-акробатикасынан Ақмаржан Қалмұрзаева финалға өтті.

Алматы, NEGE. Қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева екінші іріктеу кезеңінде үздік 12 спортшы бақ сынайтын финалдық кезеңге жолдама алды. Ақмаржан іріктеу кезеңінде 98.68 ұпай жинап көш бастады.

Өкінішке қарай, команда үздігі Жанбота Алдабергенова екінші іріктеу кезеңінен финалдық сынға өте алмай қалды. Алдабергенова алғашқы іріктеу сынында 80,56 ұпай жинаған болатын. Екінші мүмкіндігінде 68,26 көрсеткішімен финалистер қатарына енбей қалды.

Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады