Ақмарал Науатбек IV Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

Алматы, NEGE. Ақтық сында ол Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.

«Жеңіс оңай келмейді, бірақ бүгін Ақмарал жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Мен Ақмаралды жарқын жеңісімен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр