Әкім Ерболат Досаев Беларусь Республикасының елшісімен кездесті

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаев Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесті.

Алматы

Алматы, NEGE. Қала басшысы Алексей Богдановты жақында дипломатиялық қызметке тағайындалуымен құттықтап, Алматы мен Беларусь Республикасы арасындағы ұзақ мерзімді достық қатынастарға негізделген жоғары деңгейдегі ынтымақтастығын атап өтті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, атап айтқанда, сауда-экономикалық байланысты дамыту, инвестициялық өзара әрекеттестік және мәдени-гуманитарлық алмасу мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар өзара іскерлік делегацияларды жіберу, сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын жандандыру туралы келісті.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді