8 августа 2023 г. 12:22

Әкімдіктерде 646 819 азамат тұрғын үйге кезекте тұр

Фото:

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол ОКҚ алаңында осындай мәліметтерді келтіріп өтті.

Алматы, NEGE. «Кезекке қою кезінде соңғы 5 жылда азаматтың және оның отбасы мүшелерінің меншік құқығында үй болмауға тиіс. Сондай-ақ тұрақты тіркелуі қажет, ал республикалық маңызы бар 3 қалада – Астана, Алматы және Шымкентте кемінде 3 жыл бойы тіркеуде болуы керек. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін кіріс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс»,- деді спикер.

Мемлекеттік қордан тұрғын үй алудың жалпы тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңмен реттеледі.

Тегтер: