Әкімдік: Түнгі 23.00-ден кейін жүруге тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған

Елордада тұрғындары мен қала меймандарына бүгіннен бастап түнгі 23.00-ден кейін жаяу жүруге тыйым салынатыны туралы бұған дейін ақпарат тараған болатын.

Алматы, NEGE. Қала әкімдігі бұл ақпараттың жалған екенін жария етті. 

«2020 жылдың 3 шілдесінде жарияланған бұрынғы қаулы ережелері 2020 жылдың 2 тамызына дейін күшінде болады. Сонымен бірге қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысы әзірге жанданбайды», - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске сала кетсек, кеше Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елордадағы қоғамдық көліктің жұмысы әзірге жанданбайтынын хабарлаған еді.

«Қатаң карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты, елордадағы қоғамдық көлік жұмысы әзірге жанданбайды. Бағыттар туралы жолға шығар алдында қосымша хабарлаймыз», - деп хабарлады әкімдіктен.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор

Bloomberg: Қазақстанда қаржы компанияларынан тек Aitu-ды қолдану талап етілуде

Ақын Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсті