Әкімдік ардагерден кешірім сұрады

Алматы әкімдігінің өкілдері 90 жастағы ардагерден кешірім сұрады

.

Алматы, NEGE. Мұның алдында әкімдіктегілердің ардагерге мемориал ескерткішке гүл қоюға рұқсат бермегені хабарланған еді. Осы жағдайдан кейін қала әкімдігінің өкілдері Ұлы Отан Соғысының ардагердің үйіне келіп, кешірім сұрады. 

"Біз кінәліміз, кешірім сұраймыз. Коронавирусқа байланысты осылай болып қалды", - деді Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.

Кейінірек олар ардагерге ескерткішке гүл қоюға рұқсат берген.

Еске салайық, мұның алдында әлеуметтік желілерде ардагерді ескерткішке өткізбей қойғаны түсірілген сәттің видеосы тараған еді. Видеода ескерткішке өте алмаған ардагердің гүлді әкімдіктегілердің қолына ұстатып, кетіп қалғаны көрінеді.

 

Қазір оқып жатыр

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

БҚО-да оқушылар мінген автобус жол апатына түсті

Прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

«Болашақ» бағдарламасы тізімінен Бостон университеті алынып тасталды