Әкесінің айлығын құмар ойынға салып жіберген ақтөбелік жігіт өз-өзіне қол жұмсады

Ақтөбелік тұрғын әкесінің айлығын құмар ойыннан жеңіліп, өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Полиция бөліміне өз үйінде өзіне қол жұмсаған жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Облыстың 23 жастағы тұрғыны букмекерлік кеңседе 1 миллион екі жүз мың теңгеге жуық ақша ұтылғаны белгілі болды.

Салдарынан жас жігіт өз-өзіне қол салған. Жігіт бұл қадамға келесі күні туған күні болатын әкесінің барлық жалақысын ставкаға салып ұтылғаннан кейін барған. Жарты жыл ішінде ол құмар ойындарда 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша ұтылған.

Мұның бәрі ойын автоматтарынан басталған, содан кейін бұл ставкаларға ұласқан.

Құмар ойындарда үлкен ақшаны жоғалтқаннан кейін арты осындай қайғылы жағдайға алып келген.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды