24 февраля 2020 г. 14:30
Ақбота Керімбекова ел аралайды
Ақбота Керімбекова алдағы наурыз айында ән сапарға аттанбақ.
Алматы, NEGE. Шығармашылығына білек-сыбана кіріскен әнші тыңдармандарын қуантбақ ниетте. Наурыз айының 5-інен басталатын концерт 21-іне дейін жалғасады. Павлодар, Екібастұз, Семей, Өскемен, Талдықорған қаласы мен алыс-жақын аудандарға ат басын бұратын өнер иесі ағымдағы жылы еліміздің барлық өңірінде кеш беруді жоспарлап отыр.
Жас әнші Тимур Жүнісхан мен Ақбота Керімбекованың ұлы Біржан Шалқардың қатысуымен өтетін мерекелік концертте жаңа әндер орындалады.