Ақбота Керімбекова әскердегі ұлын әнші етпек

Өнер иесі

осыдан біраз күн бұрын желідегі жеке парақшасына Біржан атты ұлының ән салған бейнежазбасын жариялаған еді.  

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда әскери борышын өтеп жүрген ол ашық асапан аясында Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың «Аққу арман» әнін нақышында орындаған. Аталмыш бейнетаспаны тамашалаған жұрт жас жігіттің өнеріне ерекше баға берді. Бірі – дауысы әжесі мен анасына тартқан десе, ендібіреулер – сахнадағы кәсіби әншілерден кем емес десті. Көптің мұндай пікіріненен соң Керімбекова ойланып қалса керек, көп ұзамай «Осы ұлымның әнші болғанына үзілді-кесілді қарсы болып, басқа мамандықта оқытқан едім. Сіздердің берген бағаларыңыздан кейін ойланып қалдым», – деп жазды. Соған қарағанда, өнер иесі ұлы әскерден оралған соң әншілігін продюсерлікпен алмастырса, таң қалмайтын сияқтымыз.

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ