Ақбөкеннің 2 мыңнан астам мүйізі тәркіленді
БҚО ПД ҰҚҚК басқармасының және ҚР ҰҚК-нің БҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп 'Браконьер' жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында ақбөкен дериваттарының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.
Алматы, NEGE.Тінту барысында ақбөкеннің екі мыңнан астам мүйізі табылып, тәркіленді. ҚР ҚК 339-1-бабында көзделген “Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу” қылмыс жасады деген күдік бойынша 5 адам Орал қаласы ПБ-не жеткізілді.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.