Ақаев Мәскеуде қайтыс болды
Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар кенеттен қайтыс болды, – деп хабарлайды 24.kg.
Алматы, NEGE. 44 жастағы Айдар Ақаевтың жүрегі тоқтап қалған.
Қырғызстанның бұрынғы президентінің төрт баласы бар – Бермет, Айдар, Саадат және Илим. Бермет пен Айдар Ақаев Жогарку Кенеште дауысқа түсіп, «Алға Қырғызстан» билік партиясынан депутаттық мандаттарды алды. Осы жағдайдан кейін елде наразылық шаралары күшейе бастаған.
2005 жылы 24 наурызда «Ақ үйді» басып алу арқылы аяқталған митингілер нәтижесінде Асқар Ақаевты тақтан тайдырды. Ол Қырғызстаннан отбасымен қашып кетті.
Айдар Ақаев үйленген. Үш баласы бар. Ақаевтар отбасы Мәскеуге көшіп келгеннен кейін Айдар кәсіппен айналысты.