Академиялық есуден ел чемпионаты аяқталды

Қарағанды облысының Теміртау қаласында академиялық есуден Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жеке және командалық сынақтар 25 маусымда басталған болатын.

Алматы, NEGE. Сайысқа Қарағанды, Түркістан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары қатысты. Жеке сынақ нәтижесі бойынша Қарағанды облысының құрамасы қоржынына жеті алтын, төрт күміс және екі қола медаль жинады. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орында – Түркістан облысы, екінші орында Қарағанды облысы, үшінші орында Нұр-Сұлтан қаласының командасы. Командалық есепте Қарағанды облысы он бір алтын, он екі күміс және сегіз қола медаль жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды