Академик Әбдімәлік Нысанбаев дүниеден өтті

Әбдімәлік Нысанбайұлы Нысанбаев 86 жасында дүниеден өтті.

Алматы, NEGE. Әбдімәлік Нысанбаев 570-тен астам ғылыми, ғылыми-сараптамалық, ғылыми-әдістемелік еңбектердің, соның ішінде 30 монография, жеке кітаптар мен оқу құралдарының авторы.

Бірқатар еңбегі әлемнің 25 тіліне аударылған.

Қазақстанның (1984) және Түркияның (1999) Мемлекеттік сыйлықтарының, «Отан», «Парасат» ордендерінің иегері.