Ақ Үй Иракты бопсалап отыр

Вашингтон белгілі бір талаптар орындалмаса, Ирактың мұнай саудасынан түскен қаражаты сақталған АҚШ-тағы үкіметтік банк шоттарын қолдануға мүмкіндік бермейтінін ескертті. Бұл туралы Wall Street Journal жазды.

Алматы, NEGE. Басылым мәліметінше, АҚШ Ирак олардың әскерін елден шығарса, Нью-Йоркте орналасқан Федералдық резервтік банкіндегі шоттарын ашпайтынын айтты.

Тиісті ескертуді Ирактың премьер-министрі Адель Абд әл-Махди 8 қаңтарда алған.

Америкалық биліктің осындай қадамы Ирак экономикасына елеулі залал келтіруі мүмкін. Банк есепшотында қандай сома сақталғаны жазылмаған.

Еске салсақ, бұған дейін Ирак парламенті Бағдад халықаралық әуежайының маңында болған шабуылдан кейін шетелдік әскерді елден шығару туралы шешім қабылдаған. Сол күні ирандық генерал Касем Сулеймани қаза тапқан болатын. 

Қазір оқып жатыр

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады

Алатау қаласы туралы заң жобасын әзірлеуде Қытай, Корея және Дубай тәжірбиесі ескерілген

Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады