Ақ үйде БАҚ-қа арналған «ұят тақтасы» пайда болды

Ақ үйдің ресми сайтында жаңа бөлім ашылды. Бұл бөлімде АҚШ Президенті Дональд Трамп туралы «жалған ақпарат таратты» деп айыпталған бұқаралық ақпарат құралдарының тізімі жарияланды.

pixabay.com

Астана, NEGE. Жаңа бөлімде «Аптадағы медиа бұзушы», «Ұят тақтасы», «Көш басындағылар» және «Қайталағандар» сынды айдарлар бар.

Тізімге АҚШ пен Ұлыбританиядағы ең ірі телеарналар мен басылымдар кірген. Олардың қатарында CNN, BBC, The New York Times, The Washington Post, ABC News, CBS News және өзге де белгілі ақпарат құралдары бар.

Ақ үй әкімшілігінің мәлімдеуінше, бұл бастама «қоғамды адастырады» деп есептелген материалдарды көрсетіп, халық назарына ұсыну үшін қолға алынған.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты