Айзат Молдағасымова жаңа қызметке келді
Молдағасымованың айтуынша, енді ол Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын басқарады.
Алматы, NEGE. Ол тілшіге берген сұқбатында осы мекеменің директор қызметін атқаратынын айтқан.
Айзат Молдағасымова 1971 жылы дүниеге келген. Мамандығы - гигиенашы және заңгер. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы санэпидстанциясының санитарлық дәрігері қызметінен бастады. Әр жылдары Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің басқармалары мен департаменттерінде басшылық қызметтерді атқарды.