Айзада Хабиболлаева «Астана аруы-2019» атанды
«Астана аруы-2019» сұлулық байқауы мәресіне жетті. 19 қатысушының ішінен Айзада Хабиболлаева жеңіске жетті
Алматы, NEGE. «ҚазМедиа Холл» телерадиокешенінде сұлулық байқауы өтті. «Астана аруы-2019» конкурсы бірнеше кезеңнен тұрды. Арулар тек сұлулығымен ғана емес, өнерімен, білімімен сайысқа түсті. Қатысушыларға түрлі сұрақтар қойылды. Барлық кезеңнен сүренбей өткен 19 жастағы Айзада Хабиболлаева әділ-қазылар алқасының шешімімен жеңіске жетті. Ол арнайы тәжді киіп, «Miss Kazakhastan» ұлттық байқауына қатысуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, бұл байқауға қатысуға 17 мен 24 жас аралығындағы 583 бойжеткен өтініш білдірген. Ақтық сайыста өнер көрсетуге 19 жолдама алған болатын. Қатысушылар қайырымдылық шарасынада белсенді атсалысқан. Биылғы конкурс «Еріктілер жылы» аясында өтті. Әрбір финалист сынаққа дайындала отырып, волонтерлік қызметке белсенді қатысты. Қыздар өз қолымен шала туған сәбилерге арналған жүн шұлықтарын тоқыды. Сонымен қатар, олар балалармен бірге жаңажылдық ойыншықтар дайындады.
Жобаның финалистері қалалық қан орталығына барып, ерікті донор болды. Ол үшін барлық қыздар толық медициналық тексеруден өтіп, оның барысында салмағы, гемоглобин деңгейі және басқа да өмірлік көрсеткіштері бағаланды.