АИТВ таралуы қысқарып келеді
Қазақстан есірткі қолданатын адамдар арасында АИТВ таралуын 2016 жылы 5%-8%-ға, 2018 жылы 7-9%-ға қысқартты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Орталық Азиядағы ЮНЭЙДС кеңсесі директорының міндетін атқарушы Габриелла Ионашку айтты.