АИТВ инфекциясынан көз жұмған баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында АИТВ инфекциясынан көз жұмған 9 жасар баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

tengrinews.kz

Алматы, NEGE.Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл бап бойынша ата-ана 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

9 жасар баланың расталған АИТВ оң статусына қарамастан, ата-анасы оған вирусқа қарсы препараттарды беруден бас тартып, оларды өздері қабылдамаған. Ерлі-зайыптылар ұлдарының да, өздерінің де диагнозына сенбеген. Баласы ауырып қалғанда ата-ана АИТВ инфекциясы туралы ақпаратты жасырып, балалар ауруханасына алып барған.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады