Айтматованың күйеуі ұсталды

Қырғызстанның экс-депутаты Айтматованың күйеуін Алматы әуежайында МҰҚК желісі бойынша тұтқындады

.

Алматы, NEGE. Қырғызстан Жогорку Кенешінің экс-депутаты, «Үміт-2020» қозғалысының жетекшісі Шырын Айтматованың күйеуін мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) желісі бойынша Алматы әуежайында тұтқындады, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

«Барлығыңызға қолдауларыңыз бен алаңдаушылық білдіргендеріңізге рақмет. Күйеуімді Алматы әуежайында МҰҚК желісі бойынша тұтқындап, Бішкекке жеткізді. Мән-жайды анықтайтын боламыз. Қуғындау жалғасуда», - деп жазды Айтматова әлеуметтік желіде жұма күні.

Kaktus Media ақпарынша, Айтматова соңғы айларда сыбайлас жемқорлық жайлы көп жазған. «Twitter-де жазғандай, кеден қызметінің төрағасының экс-орынбасары Раймбек Матраимовтың суреті бар белгілі постерді ойлап шығарған «Үміт-2020» қозғалысының басқа мүшелеріне де қысым көрсету басталды. Сондай-ақ, ол #REакция екі акциясына қатысқан. 4 желтоқсанда оны МҰҚК-не жауап алуға шақырған, 6 желтоқсанда белгілі болғандай, Матраимов оның үстінен сотқа арыз түсірген», – делінген хабарда. Еске салсақ, Шырын Айтматова жазушы Шыңғыс Айтматовтың қызы.

Қазір оқып жатыр

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды